Шымкентте  коронавирустан сауығып шықққан науқастардың саны 150-ге жетті

Шымкентте коронавирус инфекциясынан 150-ші науқас емделіп шықты. Дертінен сауыққан азаматша 2007 жылғы қала тұрғыны. 15 жастағы бойжеткен екі аптадан аса дәрігерлердің бақылауында болып, ауруынан сауығып ауруханадан үйіне шығарылды.

Соңғы екі тәуліктің ішінде Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан 20 науқас емделіп шықты. Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың арасында 90 жастағы әжей бар.

Бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 150 науқас дертінен айығып шықты.

Айта кетсек, бұған дейін мамандар коронавирустың таралуына жол бермеу үшін алдын алу шараларын сақтау керектігін ескерткен еді. Тұрғындарға халық көп жиналатын орындарға барудан уақытша бас тартқан жөн. Сондай-ақ дәрігерлер жұқпалы дерттен қорғану үшін қолды сабынмен жиі жуып тұруға кеңес береді.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі 14 наурызда елордада өткен баспасөз мәслихатында Елжан Біртанов Қазақстанда екі адамның коронавирус жұқтырғанын жеткізген еді.

Көп өтпей Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға келген тағы бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды. Кейін Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус анықталды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.