Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдауға арналған гуманитарлық көмек акциясы жалғасуда.
Қазақстан халқы Ассамблеясының тарапынан 16 жүк көлігіне тиелген 180 тонналық гуманитарлық көмек керуенінде азық-түліктер, киім-кешектер, тұрмысқа қажетті заттар, гигиеналық құралдар, құрылыс материалдары бар.
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы да керуенге қосылып, өз тарапынан құны 12,5 млн. теңгені құрайтын гуманитарлық көмек көрсетті.
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов бастаған шымкенттік ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, басқа да беделді азаматтар болды. Түрі бөлек болсада тілегі бір жандардың жомарттығы өзгелерге де үлгі болары анық.
Шымкенттік ассамблея тарапынан Шымкент қалалық өзбек (төрағасы Т.Хакимбеков) және түрік (төрағасы Л.Асанов) этномәдени бірлестіктерінің айырықша белсенділік танытқанын ерекше атап өткен жөн. Міне осылайша Шымкенттік этномәдени бірлестік өкілдері мақтаарал тұрғындарына көмек көрсетуде аянап қалмауда.