«Шымкент» медресе-колледжінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастылды. Игі шарада «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай қасиетті Рамазан айымен құттықтап, діни басқарма тарапынан қолға алынған шараның маңыздылығына айрықша тоқталды. Қайырымдылық шара барысында медресе-колледждің 71 ұстазы мен қызметкеріне және қаладағы көпбалалы сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 150 отбасыға азық-түлік заттары таратылып берілді. Айта кетсек, аталмыш қайырымдылық шараға «Шымкент медресе» колледжі мен Қазақстандық «Қазақ Түрік» жастарды қолдау қоғамдық қоры тарапынан қаржылай қолдауға ие болды. Яғни дәстүрге айналған сауапты амалдар, өз жалғасын тауып келеді. Міне осылайша Шымкентте көмекке мұқтаж 150 отбасыға азық-түлік таратылды. Қорыта айтқанда жалпы елімізде мұндай көмек жалғызілікті зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да көрсетілуде. Бұл шараға еріктілермен қоса, партиялықтар да атсалысуда. Олар мұқтаж жандарға күнбағыс майы, ұн, күріш, қант, қарақұмық пен тауық етін арнайы қоржынға салып, жеткізеді.