Әлемдік статистикаға жүгінсек, карантин талаптарын жеңілдете бастаған елдерде дерт қайта күшіне енуде. Өз кезегінде вирусқа тосқауыл болудың бірден -бір жолы карантин тәртібіне бағынуды талап етеді.

Таралымы тез жұқпалы аурудан тек қорғану ғана сақтайтынын есте ұстаған жөн. Ол үшін сақтық шараларын қатаң ұстана отырып, өзіміз бен жақындарымызды қорғауымыз тиіс.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша да ахуал көңіл көншітпей тұр. 1022 азамат осы дертпен күресіп жатыр.

Сондықтан да сақтық шарасы орындалмаса, барлығымызға қауіп төнетінін білу керек. Мұның әзілі болмайды. Әрбір сақтық шарасы жан құтқарады. Әрбір немқұрайлық қауіпті он есе арттырады. «Үйде отыр, өзіңді және төңірегіңдегілерді қорға» деп кеңес береді мамандар. Қорыта айтқанда індетті тәртіп қана жеңеді.

Күнен-күнге өршіп бара жатқан дертті тек тәртіп қана тоқтата алады. Әрбір азамат осыны жіті түсініп карантин режимін ұстанса екен.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.