Әрбір адамның туған қаласына деген сүйіспеншілігі тазалықтан басталуы қажет. Осыны ескерген Қаратау аудан әкімдігі қала күніне орай тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға 40 аудан қызметкерлері мен 30 ерікті жастар және мердігер мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты және 15 арнайы теxника жұмылдырылды.
Тазалық барысында тұрғындар көп шоғырланған елді мекендердің аулалары (25 га), ирригация жүйелері (9 км), шөп ору (4 га), ағаш әктеу жұмыстары(900 ағаш) атқарылды.

Сонымен қатар ерікті жастардың қолдауымен 6 тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың үйлерін әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізді.

«Шымкент – менің қалам» тазалық акция барысында еріктілер өз замандас­тары­ның бойына салауатты өмір салтын қалып­тас­тыруды, қоршаған орта­ның тазалығын сақтауды үндеді. Акцияға қатысушылардың көркейту, көгал­дандыру жұмыс­тары үзіліссіз жүргізілгенде ғана қаланың жасыл желекке орай­тынына, таза мекенге айналаты­нына көздері жетті. Мұндай шахардың тазалығын сақтауға бағытталған шаралар алдағы уақытта жүргізілетін болады,- дейді Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкерлері.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.