Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Бұл туралы шешімді Шымкент қаласының бас санитары қабылдады.
Қаулыға сәйкес, енді Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін қабылдайды.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚКО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Бұл азаматтардың ХҚКО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді. Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚКО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. Карантин кезеңіне байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған кезде тұрғындарға қашықтықты сақтауды және медициналық маскалардың болуы талап етіледі.