Бал ара шаруашылығы көпшілік үшін елеусіз кәсіп сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ оның ерекше табысқа кенелтетін бизнестің бірі екенін атап өту қажет.
Биыл Шымкент қаласы бойынша 16 мың бал ара ұясын асылдандыру жұмыстарына мемлекеттен бір ұяға 5000 тг-ден барлығы 80 млн. тг қаржы бөлінді. Оның ішінде ЖК «Нормухамедов» 5000 бал ара ұясын асылдандыру жұмысына 25 млн.тг мемлекеттен субсидия түрінде қолдау алды. Бұл туралы Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді.
«Нормухамедов»  шаруашылығы 2007 жылдан бері бал ара шаруашылығын дамытып, мемлекеттен қолдау (субсидия) алып келеді.
— Шаруашылық қазіргі таңда бал өндіріп қана қоймай, шет елден асыл тұқымды аналық араларды алып келіп оларды көбейтіп, ара пакететтерін де (бір бал ара ұясы) сатылымға шығаруда. Кәсіпкерлік жылына 100 тоннадан астам бал өндіруге қауқарлы. Бұл біздің шырайлы Шымқаламыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуындағы бірегей жетістіктерінің бірі, – дейді А.Қаныбеков
Шаруашылық бүгінде Араб әмірлігі, Иран елдеріне және еліміздің алыс-жақын өңірлеріне асыл тұқымды аналық аралардың өнімін (бал, ара пакеттері) саудалауда. Сонымен бірге шаруашылық алдағы уақытта «Бал-Ара» Қазақстан ұлттық омарташыларының одағы және еліміздегі ғалымдардың қатысуымен қаламыздың инновациялық жобасын іске асыру, яғни селекциялық асылдандыру жұмыстары арқылы шет елден алып келінген аралық аналарды жерсіндіру арқылы жаңа ара түрін ойлап табуды жоспарлап отыр.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.