Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдайға қарсы іс-шаралар ауқымды түрде жүргізілуде.

Қала әкімі М.Әйтеновтың нақты тапсырмаларына сәйкес қазір әкімдік бірыңғай дистрибьютормен бұрынғы 1 миллиард 800 миллион теңгеге жасалған келісімге қосымша тағы 207,1 миллионға өтінім берді.

Нәтижесінде бүгінде дәріханалар мен емдеу мекемелеріне қосымша 70 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді.

Алдағы уақытта тағы да қажетті дәрілермен қамтылады. Ол үшін 852 түрлі дәрілік зат пен медициналық бұйымға тағы өтінім берілген.

Сондай- ақ, ем қабылдаушыларға 1 200 провизорлы төсек орын мен 51 мекемедегі күндізгі статционарда 628 төсек орын әзірленді. Бүгін-ертең олардың қатары тағыда артатын болады. Қазір осы қосымша төсек-орындар ашу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Тағы бір жолға қойылып жатқан жұмыс, әкімдік жеке меншік клиникалармен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде 25 жеке клиникада карантинге қарамастан өздерінде тіркелген пациенттерге МӘМС жүйесінің аясында медициналық көмек көрсететін болды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.