қаланың барлық аумағында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. атап айтқанда, қаланың 2967 көшесін залалсыздандыру жұмыстарын гипохлорит кальций қоспасын қолдану арқылы арнайы 40 техника көмегімен залалсыздандыру жұмыстары атқарылды.

қала аумағындағы қоғамдық орындар, ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтары, саябақтар, гүлзарлар, аялдамалар, аяқжолдар мен қоқыс жәшіктерін залалсыздандыруға гипохлорит кальций қоспасымен арнайы техника және құрал-жабдықтар көмегімен жүргізілді.

бүгінгі таңда «шымкент жасыл қала» жшс-нің 50 жұмысшысы саябақтар мен гүлзарларда және «лтд тұрмыс» жшс-нің 2 дана арнайы техникасы қала аумағындағы аялдамаларды залалсыздандыруда.

жергілікті аудан аумағында қоқыс алаңшасындағы контейнерлерді және көп қабатты тұрғын үй аулалары мен кіреберістерін (2171 көпқабатты тұрғын үй, 7151 кіреберіс, 1156 аула және 470 қоқыс алаңшасы) залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде 150 адам (100 әскери қызметші, 50 «шымкент жасыл қала» жшс) күшімен қамтамасыз етілді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.