Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде карантин режимін күшейту бойынша шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты деген сыңайда ақпарат тарап жатыр. Осы орайда, қала тұрғындарына айтарымыз, сіздерден әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөзге жүгінулеріңізді сұраймыз.
Барлық расталған ақпаратты қала әкімдігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыздан біле аласыздар.
Еске сала кетейік әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бүгін түнгі сағат 2:00-де балаларға зиянды зат шашылды деген ақпарат тарап жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлім етті.
«Құрметті халайық, сіздерден әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөзге жүгінулеріңізді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады» делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқан адамдардың ҚР ҚК 274-бабы — «Көрінеу жалған ақапарат тарату» бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды. ⠀