Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында 14 мобилдік топ құрылып, аудан аумағындағы қоғамдық орындарда түсіндірме жұмысы күнделікті жүргізілуде.Аталған жұмыстар Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес орындалуда.

Қаладағы барлық азық-түлік дүкендері мен мейрамханалар санитарлық талаптарды сақтауы тиіс және де белгіленген уақыт аралығында жұмыс жасағанын бақылап, уақытылы жабылуына күнделікті мониторинг жұмысын жүзеге асыруда.

Еңбекші ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторинг тобы күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізуде.Ж. Шаяхметов және Д. Ерімбетов көшелеріндегі коммерциялық нысандарға рейдтік іс шара жүргізген мамандар, кәсіпкерлік нысандардың әлі де санитарлық талаптарды орындауда құлықсыздық танытып отырғанын аңғарды. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, санититарлық талаптың нормаларын түсіндірді. Кейбір кәсіп иелеріне ескерту берілді. Айта кетейік, сауда нысандары міндетті түрде бетпердемен және бір реттік қолғаппен жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар ғимарат ішін күніне екі рет залалсыздандырып отыруы тиіс.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.