Қаратау ауданы аумағындағы «нұрсәт» шағын ауданы аумағындағы 35 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы мен кіреберістері жұқпалы індетке қарсы залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, қоқыс контейнерлерін мекеме тарапынан кестеге сәйкес залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.

Айта кетейік, қаратау ауданында тұрғын үй аулалары мен көшелерді залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Ол үшін жұмысшылар арнайы киімдермен және құрал — жабдықтармен қамтылған.

Қазіргі таңда Қаратау ауданының барлық аумағында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағыттағы сақтық шаралар карантин аяқталғанға дейін жүйелі түрде жалғасатын болады.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында 419 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы балалар ойын алаңшаларын және ашық спорт алаңшалар мен көпқабатты үй кіреберістерін дезинфекциялау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ санитарлық талапты сақтамаған кәсіп иелеріне ескерту берілді. Еңбекші ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторинг тобы күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізуде.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.