ЖРВИ-мен (ОРВИ) пневмония бойынша Шымкент қаласында 1.06.2020 жылы 3 провизорлық стационарда 320 төсек орын ашылған болатын.15-30.06.2020 жылы аралығында 23 провизорлық стационарда 2 960 төсек орын ұйымдастырылды. Бұл жөнінде қала әкімі баспасөз мәслихатында баяндады.Бүгінгі таңда 26 мемлекеттік және жеке нысандарда 3010 провизорлық төсек орын жұмыс істеп тұр. 1.06.2020 жылдан бастап 6340 пневмониямен сырқаттанушылық тіркелді, оның 6060 немесе 95,6 пайызы аурухана жатқызылды. Бүгінгі күні 60 пайызы немесе 3639 науқас емделіп шықты,- дейді қазіргі жағдайға тоқталған қала әкімі.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, ЖРВИ мен сырқаттанушылық бойынша ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан бастап 11 891 жағдай тіркелген, оның ішінде 535 немесе 4,5 пайызы ауруханаға жатқызылған. Олардың 86 пайызы немесе 460 науқас емделіп шыққан.Медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 2 764 медицина қызметкеріне 780 млн теңге еңбек ақыларына үстемеақы төленді. Халық қоры және демеушілер есебінен 935 медицина қызметкеріне  42,4 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Жұқпалы аурулар ауруханасының науқастармен тығыз байланыстағы 336 қызметкерінің қонақ үйлерде тұру, тамақ беру, жұмысқа қатынауы ұйымдастырылды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.