Шымкент қаласында дәл бүгінгі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 3 596 азамат тіркеліп, 2097 науқас емделіп шықты. Ағымдағы жылдың 1 маусымында 867 коронавирус жұқтырған азамат тіркелсе, ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан 7-ші шілде аралығында 2729 жағдай тіркелді. Яғни, науқастар саны күрт артты,-деп мәлімдеді Мұрат Әйтенов.

Ағымдағы жылдың 1-ші маусымындағы жұқпалы ауруханалардағы төсек орын қоры 490 орын болған. ал, маусым айының соңына дейін қосымша 160 төсек орын ұйымдастырылып, нәтижесінде төсек орын қоры 650-ге жеткізілген.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 1-ші маусымы мен 7-ші шілде аралығында 1640 науқас жатқызылды, оның ішінде 1276 коронавирус жұқтырғандар немесе 77,8 пайызды құраған. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша 1 маусымнан бүгінге дейін 276 938 диспансерлік есепте тұрған адамдарға қоңырау шалынды. Бүгінгі күнге 6 696 ЖРВИ және 3 865 пневмониямен науқастар тіркелді. 56 мобильді топ құрылып, 10 341 науқасқа қызмет көрсетілді. 6 380 адам АЛО мобильді тобының қызметі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.