Шымкент қаласының жоспарлы жол жөндеу жұмыстары аяқталып, іске қосыла бастады.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, Шаңырақ шағын ауданы, Атамұра көшесін орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Көшенің ұзындығы 0,290 шақырым, ені 5 метр. Бетховен көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Көшенің ұзындығы 0,072 шақырым, ені 4 метр.Орманшы тұрғын алабы, Төлеби көшесінің орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Көшенің ұзындығы 0,250 шақырым, ені 5 метр.

Айта кетейік, Шымкент қаласында осы жылы 45 мердігер мекеме 414 шақырым жолды қайта құру және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді бастады. Құрылыс жұмысына 2300-ге жуық жұмысшы және 400 техника жұмылдырылған. Қаладағы ішкі орам көше құрылысының 80 пайызы тамыз айында аяқталса, негізгі орталық көшелердің құрылысы қазан және қараша айларында толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар, қаладағы автомобиль жолдарын қайта құру және орта дәрежедегі жөндеу жұмысына бюджеттен 27 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінге дейін 9 млрд теңге қаржы игерілген.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.