Шымкент қаласы,Абай ауданы, Самал-3 шағын ауданындағы Ш.Мустафаев көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.Бұл туралы Шымкент қаласы ақпараттық коммуникациялар орталығы мәлімдеді.«Нұрлы Жол-7» ЖШС-гі жүргізген құрылыс жұмыстары өз уақытында ел игілігіне тапсырылып отыр.Ұзындығы 0,620 метр ал, ені 6 метрді құрайтын жол енді тұрғындардың иелігіне қызмет етеді.

Енбекші ауданы, Каратөбе тұрғын алабындағы Тойшы ата көшесі де орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. Ұзындығы 1,7 шақырым шығатын көшенің құрлысын «ДостықСпецТранс» ЖШС-гі жүргізді. Мердігерлердің айтуынша, жөндеу жұмыстары барлық талаптарға сай жүргізілген.

Сондай-ақ, Енбекші ауданындағы №86 автобус жүретін жолда толығымен жөнделіп, теп-тегіс жол салынды. Көшенің ұзындығы 1,8 шақырым, ені 5 метрді құрайды.

Абай ауданы, Ынтымак шағын ауданындағы Зеленая, «Отан Мұнай» жанар май құю бекетінен кейінгі атауы жоқ көшеге де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 3,3 шақырымды құрайтын жолдың жөнделгеніне тұрғындар дән риза.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.