Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Қазақстанды әлемге танытып, туризм саласын дамытуға атсалысып жүрген «Qazaq Geography» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті.

— Сала мамандарымен туризм басқармасы бірлесе бірнеше жобаларды жүзеге асырып, карантинге қарамастан қызу жұмыстар атқаруда. Сол жобалардың бірі — Ескі қала аумағында орналасқан Цитадель жобасының VR-ролигі. Аталған жоба біздің қаламызға келген қонақтар мен тұрғындар үшін қаланы виртуалды тамашалауға таптырмас құрал болып табылады. Неге десеңіз, басқа жақта тұрып, сіз Шымкент қаласының үздік деген туристік нысандарын VR Oculus Go көзілдірігімен көре аласыз, -дейді М.Исахов.

Жобада Цитадельдің ежелгі тарихынан бергі көріністі 3 тілде тамашалауға мүмкіндік бар. Карантин шаралары аяқталған соң Ескі қалашық пен туристік ақпараттық орталықтарды тамашалауға болады.

Одан бөлек, этнотуризмді дамыту мақсатында Шымкент қаласындағы «Наурыз» алаңы маңында «Көне қала» этножобасы бой көтеруде. Этно қалашықта «Шымкент 2020 — ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарымызды насихаттау жұмыстары жоспарланған.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.