Шымкент қаласында карантин режимі басталғалы бері жұмысын тоқтатпаған саланың бірі — жол құрылысы нысандары.

— Жалпы Шымкент қаласы бойынша биыл 414 шақырым жолда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл оның 313 шақырымын пайдалануға берсек деп отырмыз. Оның ішінде 75 шақырымы магистарльды көшелер, — дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Қалаішілік көшелерден Әл-Фараби ауданы Забадам шағын ауданындағы Саттарханов көшесі; Қаратау ауданы Тұран шағын ауданындағы Байжігітов көшесі; Абай ауданы Солтүстік-Батыс шағын ауданындағы Тарактас көшесі; Самал-2 шағын ауданындағы Болашақ, Ермекбаев және Сейтов көшелерінің орташа жол құрылыс жұмыстары толығымен аяқтап, пайдалануға берілді.

«Шымкентте жолдардың құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес үздіксіз атқарылуда. Әр нысан бойынша өзіндік межелеген мақсатты жоспары бар. Жұмыстың сапасы мен жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы қадағалаушы мамандар бар» деп атап өтті қала басшысының орынбасары М.Исахов.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.