2018 жылы Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды. Үшінші мегаполис 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болмақ.

Осыған байланысты, Шымкент қаласында бірнеше ірі жобалар бастау алды.

Шаһар басшысы 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебінде осы жобаларды атап өтті.
ОЛАР:

Желтоқсан айынан бастап «Шымкент – Дубай» бағытында тікелей әуе рейсі ашылды. Келесі әуе рейсі «Шымкент – Қазан» бағытында ашылады;

«Қазақстан темір жолы» компаниясы темір жол вокзалын қайта құрылады;

2200 орындық заманауи Конгресс Орталығының құрылысы және 20 мың орындық Қажымұқан атындағы орталық стадионды қайта құру жұмыстары басталды;

Ескі қалашық – «Цитадельді» қалпына келтіру және «Қошқар-ата» өзені жағалауын көріктендіру жұмыстары қарқын алды.

«Қырғы базарды» заманауи талапқа сай қайта құру мақсатында жаңа жоба әзірлеуді бастады.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.