Шымкентте 8 мың орындық жаңа мешіттің құрылысы жүріп жатыр.

Сəулетті мешіт қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік аймағында, «Нұрсəтте» бой көтеруде.

Мешіт кешенінде автокөлік қоюға арналған паркинг, күннен қуат алатын құрылғылар қойылады. Мешіт алдындағы 10 мыңнан астам адамға есептелінген алаңда жамағатты күннен, жауын-шашыннан қорғау үшін шатыр болып ашылатын жүйе қойылады.

Мұнда сонымен қатар, мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, тамақтануға арналған зал, неке сарайы, исламдық білім беру орталығы, медресе, кітапхана мен әкімшілік бөлмелер, фитнес орталық салынады. Құрылыстың жалпы көлемі 12,0058  га. Биіктігі 4,8 метр.

Құрылысшылардың айтуынша, қала орталығы құбыла бағытына сәйкес келгендіктен жаңа мешіт Шымкент қаласының орталығынан бой көтерген.

Мешіттің ортасында михраб және жаздық алаң орналасқан, онда мешітке сыймай қалған 2200 жамағат намаз оқу мүмкіндігіне ие болады.

Мешіттің құрылысы мәрмәр таспен тұрғызылады. Жалпы сапасы жоғары деңгейде деп бағаланған жаңа мешіт биыл жыл соңына таман қала тұрғындарына қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

С. Тастанбек.

Фото: Береке Сейітжаппар

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.