Шымкентте вирустың таралуын азайту және алдын-алу мақсатында іс-шаралар қабылданып, ол жүзеге асырылуда.

Қазргі таңда қалада 620 көше, 37 сквер мен 8 саябақ, 4 мыңнан астам аялдамалар тұрақты түрде дезинфекциялануда. Сақтық шараларын күшейту мақсатында жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) қоғамдық көліктің жұмыс істеу уақыттары шектеліп, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) толық тоқтатылуда.

Сондай-ақ, жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) базарлардың, сауда орталықтарының, қоғамдық тамақтану орындарының, саябақтардың жұмыс істеу уақыттары шектеліп, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) толық тоқтатылуда.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты 16 мониторингтік топ құрылып, 5 180 нысанға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 2 433 коммуналдық объектілерге, 2 663 қоғамдық тамақтану объектілеріне.

Мониторингтік топпен банктердің филиалдары, пошта бөлімшелері, басқа мекемелер мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 160 ескерту беріліп, 10 нысан жабылды. Қазргі таңда қалада 620 көше, 37 сквер мен 8 саябақ, 4 мыңнан астам аялдамалар тұрақты түрде дезинфекциялануда.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.