Қаратау ауданы аумағындағы Шахан-2, Сұлтан, Ладушки кондитерлік орталығы, Метро сауда орыны мен азық-түлік дүкендері аумағына күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Келушілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында залалсыздандыру жұмыстарының тұрақты түрде жүргізілуі мамандардың бақылауында.

Сонымен қатар сауда орындары санитарлық талапқа сай жұмыс жүргізуде. Тамақтану орындары мен дүкендер ара қашықтықты сақтай отырып, келушілерге қызмет көрсетуде. Ал қаратау ауданында 419 көпқабатты тұрғынүй залалсыздандырылды. Қазіргі таңда Қаратау ауданының барлық аумағында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағыттағы сақтық шаралар карантин аяқталғанға дейін жүйелі түрде жалғасатын болады. Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында 419 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы балалар ойын алаңшаларын және ашық спорт алаңшалар мен көпқабатты үй кіреберістерін дезинфекциялау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ санитарлық талапты сақтамаған кәсіп иелеріне ескерту берілді. Еңбекші ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторинг тобы күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Ж. Шаяхметов және Д. Ерімбетов көшелеріндегі коммерциялық нысандарға рейдтік іс шара жүргізген мамандар, кәсіпкерлік нысандардың әлі де санитарлық талаптарды орындауда құлықсыздық танытып отырғанын аңғарды. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, санититарлық талаптың нормаларын түсіндірді. Кейбір кәсіп иелеріне ескерту берілді.

Айта кетейік, сауда нысандары міндетті түрде бетпердемен және бір реттік қолғаппен жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар ғимарат ішін күніне екі рет залалсыздандырып отыруы тиіс.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.