Шымкентте BI GROUP құрылыс компаниясы коронавирус індетінің алдын алу және дәрігерлерді қолдау мақсатында екі жасанды тыныс алу аппаратын медициналық ұйымдарға сыйға тартты. Компания өкілдері аппаратты қалалық кардиологиялық орталық және №2 қалалық ауруханаға табыстады.

Ауруханада 280 орындық провизорлық орталық ашылған болатын. Пневмония және ЖРВИ-дін ұсынған түрімен ем алып жатқан науқастар саны — 170. Отандық кәсіпкерлердің қолдауына алғыс айтамыз, — деді №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Сәрсен Пернебеков.

Ауруханаға қажетті аппаратпен бірге, оттегі концентрациясы бойынша да көмектесуді жоспарлап отырмыз, деп атап өтті компания өкілі Тимур Уразбаев.

Бұған дейін, «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік-қайырымдық қоры тарапынан тағы 5 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты сатып  алынған болатын. Құралдардың төртеуі жаңа жұқпалы ауруханаға, біреуі кардиологиялық орталыққа орнатылған. Бүгінде осы мақсатқа жұмсалған қаржы көлемі 90 млн теңгені құрайды. Бұл туралы  қор директоры Дәуренбек Құрбаниязов мәлімдеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.